Басқару

Б. Жұмабеков: Рухани жаңғыру – үйлесімді дамуға және әл-ауқаттың артуына жол ашады

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары кеңінен талқыға салынды.
Астана қаласы14 Сәуір , 18:34

Жиынды ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Бейсембай Жұмабеков ауқымды экономикалық реформалар қоғамдық сананы жаңғыртуды талап етеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы мақалада оның маңызды басымдықтары мен бағыттарын айқындап берді.  

Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ғазиз Телебаев қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттің дамуына, елдегі бірлік пен келісімнің нығаюына жетелейтінін ерекше атап өтті.  

«Технологиялық жаңғыруға арналған биылғы Жолдаудан және саяси жаңғыруға бағытталған конституциялық реформадан кейін маңызды қадам рухани жаңғыру қолға алынбақ. Елбасының мақаласында белгіленген мақсат-міндеттер – өте өзекті. Алмағайып әлем жылдам түрде өзгеруде. Оған жұдырықтай жұмылған ұлт болып бейімделуіміз қажет. Латын әліпбиіне көшу, туған жерді көркейту, гуманитарлық білім беру, мәдениетті заманауи қалыпқа келтіру, құндылықтардың бүкіл қазақстандық шеңберін құру, замандастарды құрметтеу – барлығы нақты тапсырмалармен ұласады, барлығына іске асырылатын уақыт берілген», - дейді ол.

Жиын барысында Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ләйла Иватова Елбасы мақаласының тәрбиелік маңыздылығы мен мәніне көпшіліктің назарын аударды.

«Бүгінде Қазақстанның даму бағдары елімізде тұлға және адамның бостандығы құрметтелетінін, ары мен абырой бағаланатынын, адамгершілік қағидалары мен рухани құндылықтар жоғары екендігін паш етеді. Жалпы адами рухани құндылықтар ұлттық мәдени құндылықты, асыл қазынаға айналған халықтың мұрасын зерделеу арқылы дамытылады. Бұл бағытта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тәрбиелік маңыздылығы зор. Жастар үшін ерліктің, нағыз еңбексүйгіштіктің, отанға деген сүйіспеншіліктің өнегесіне айналатын замандас тұлғалар қажет. Кейінгі толқын оларға бой түзеп, жігерленуі тиіс. Тағылымды тұлғалардың қатарын көреген Елбасымыз бастауы қажет», - дейді Ләйла Мырзалиқызы.

 




Яндекс.Метрика