Халықаралық интеграция

Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияның және Финляндияның сыртқы саясат ведомстволары басшыларын Қазақстанға шақырды

ҚР Сыртқы істер министрі Қайран Әбдірахманов Ұлыбританияның және Финляндияның сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Сәуір , 18:16

Қ. Әбдірахманов Қазақстан делегациясы аталған мәселе бойынша БҰҰ ҚК-нде сөйлеген сөзінде химиялық қарудың қолданылғанын айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырғанын атап көрсетті. 

Сонымен бірге, Қазақстан дауыс берген кезде екі себеппен қалыс қалу туралы шешім қабылдады: біріншіден, қазақстандық тарап Сирияда химиялық қаруды қолданудың ықтимал фактісін барлық мүдделі тараптарды қатыстыра отырып, БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Ұйымның (ХҚТҰ) қолдауымен шынайы, тұтастай қамтитын әрі мұқият тергеуді жақтайды; екіншіден, Қазақстан өз елінде Женева келіссөздерінің, әрі тұтастай алғанда Сириядағы кикілжіңді реттеу жөніндегі халықаралық күш-жігерлердің ажырамас бөлігі болып табылатын сирияаралық реттеу жөніндегі Астана процесін қабылдайды. 

Қ. Әбдірахманов пен Б. Джонсон екіжақты стратегиялық әріптестік тұрғысындағы жоғары саяси деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын қозғады және Ұлыбританияның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқылады. Көрмеде дамыған және дамушы елдер үшін болашақтың жаңартылатын, қолжетімді әрі тиімді энергиясы саласындағы озық тәжірибемен және технологиялармен алмасу мүмкіндігі ұсынылатын болады. Британдық экспозиция мазмұны жағынан бай болады деп болжамдалуда, және соның негізінде 26 маусымда Біріккен Корольдіктің ұлттық күні жоспарланып отыр.

Финляндияның Сыртқы істер министрімен сөйлесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Сұхбаттасушылар 57 мемлекеттің басын қосатын осы маңызды ұйымды әрі қарай дамыту мен нығайтуға екі жақтың мүдделі екендігін атап көрсетті. Мәлім болғандай, қос ел ЕҚЫҰ-на басшылықты сәтті атқарды, Ұйымның негізі дәл осы  Хельсинкиде қаланса, 2010 жылғы Қазақстанның төрағалық етуі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Саммитпен  аяқталды.

Т. Сойни әрі қарай Қазақстан-фин қатынастарының жақсы серпінмен дамып жатқанын атап көрсетті және Финляндия басшылығының Қазақстанға сапарына және елдің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындық барысы туралы хабардар етті. Осы жылдың жазында  Хельсинки-Астана тікелей жаңа әуе рейсі іске қосылады, бұл іскерлік және адами байланыстардың нығаюына сөзсіз ықпалын тигізетін болады.

Қазақстанның Ұлыбританиямен және Финляндиямен дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуы аясында Қ. Әбдірахманов сұхбаттасушыларды Қазақстанға келуге шақырды, бұл екіжақты және сан қырлы қатынастардың бүкіл спектрінің дамуына айтарлықтай серпін беретіні анық.




Яндекс.Метрика