Өңірлер

СҚО әкiмi жерлестер форумын өткiзудi ұсынды

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов студенттермен, оқытушылармен және жұртшылықпен кездестi. Жиналғандар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан14 Сәуір , 17:18

Кездесудi ашқан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң ректоры Серiк Өмiрбаев Президент жоғары жауапкершiлiктi Бiртұтас Ұлт қалыптастыру және бұқаралық сананы өзгерту бойынша өз ойымен бөлiскенiн атап айтты.

«Елбасы бұқаралық сананы жаңғырту бойынша ауқымды мiндеттер белгiлеп, елiмiздi сапалы жаңа даму деңгейiне жеткiзетiн халқымыз үшiн жаңа көкжиектердi көрсеттi. Бұл бағдарламалық материал «Жаңғырту 3.0»-дiң бөлiнбейтiн бөлшегi болып табылады», — дедi Серiк Өмiрбаев.

Жастар мен облыс активi алдында сөз сөйлеген өңiр басшысы Құмар Ақсақалов осы кездесу орны тектен-текке таңдалып отырмағанын қадай айтты. Өйткенi Мемлекет басшысының бағдарламалық материалы, бәрiнен бұрын, жастар мен болашаққа арналған.

«Жаңғыртудың басты мәнi маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүргiзу болып табылады. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақалада жариялаған бұқаралық сананы жаңаша жаңғырту, әрине, бiздiң елiмiздегi барлық ауқымды реформалардың идеологиялық ұйытқысы болады. Президент бiрқатар басымдықтарды атады. Бiрiншi басымдық — бәсекелiк қабiлет. Бәсекелiк қабiлет — әрбiр азаматтың, әсiресе жастардың қоғамда талап етiлуi. Бәсекеге қабiлеттi болу үшiн заманауи технологияларды, осы заманғы бiлiмдi, әрине, тiлдердi меңгеру керек. Осы жайлы Мемлекет басшысы әрдайым айтады. Өте қысқааралық мерзiмде жақсы нәтижелерге қол жеткiзген көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттердiң тәжiрибесi нақ осы бәсекеге қабiлеттiлiктiң қағидаларын алып, жақсы нәтижелерге қол жеткiзгенiн көрсетедi. Президент бiздiң алдымызға осы мiндеттердi қойып отыр», — дедi облыс әкiмi.

Құмар Ақсақалов «прагматизм» түсiнiгiне де тоқталды. Ол — саламатты өмiр салтына иек артып, оңтайлы өмiр сүре бiлу, қорларға құнттылықпен қарау. Мысалы, солтүстiкқазақстандықтар жердi ұқыптылықпен пайдалана бiлуi керек екендiгiн облыс басшысы атап айтты. Ұлттық даралықты сақтау бойынша үлкен жұмыс атқаруымыз қажет.

«Бiз өз өлкемiздiң тарихымен, тiлiмен, мәдениетiмен мақтануға тиiспiз. Бiздiң облыста бейбiтшiлiк пен келiсiмде 100-ден астам этнос өмiр сүрiп жатыр. Осы жерде сөзiмдi жастарға арнағым келедi: сiздердiң буынның басты мiндетi — бейбiтшiлiк пен тұрақтылық саласында аға ұрпақтың бүгiнгi күнi iстегендерiн сақтау және еселей түсу керек. Бұл — экономиканы дамытуда бiздiң қол жеткiзген басты жетiстiгiмiз. Осы жайлы Президент тағы да атап көрсеттi», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi жаңғыртудың төртiншi бағыты — бiлiмнiң салтанат құруына нақты тоқталды.

«Осы заманғы өмiрде бiлiм ғана табысты болудың ең iргелi, басты факторы. Президент өз мақаласында тәуелсiздiк жылдарында бiлiмдi дамытуға ерекше көңiл бөлiнгенiн атап айтады. Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетiмiздiң әрбiр жас адамы елiмiздiң ғана емес, шетелдердiң де үздiк ЖОО-ларына түсуiне мүмкiндiгi бар. Осы кезге дейiн 12 мыңнан астам студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша бiлiм алды және олардың арасында өте көп бiздiң солтүстiкқазақстандық балалар да бар. Жыл сайын бiлiмге бөлiнетiн шығын елiмiзде ғана емес, облысымызда да көбейiп келедi. Ол 48 млрд. теңгеден асады. Биыл да қаражат өсiп отыр. Осының өзi мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi ұрпақ өсiп шығуына қамқорлық жасап отырғанын көрсетедi», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жерлестер форумын өткiзудi ұсынды. Өйткенi Отанымыздың дамуы үшiн кiмнiң қомақты үлес қосып жатқанын елiмiз бен өңiрлердiң тұрғындары бiлуге тиiс. Ол адамдар басқаларға үлгi болады.

 

 




Яндекс.Метрика