Парламент

Мәжіліс Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне енген өзгерістерді қарайды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті. Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайды.
Астана қаласы 14 Сәуір, 13:02

Сонымен бірге, әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы бойынша халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы талқыланбақ.

Сондай-ақ, осы күні коллекторлық қызмет және оған ілеспе заң жобалары бойынша Сенат енгізген өзгерістер депутаттары назарына ұсынылады.

Ал жалпы отырыста Палата жұмысқа қабылдайтын құжаттар қатарында балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы және оған ілеспе заң жобалары, сонымен қатар, халықаралық Валюта Қорына, халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, халықаралық Қаржы Корпорациясына, халықаралық Даму Қауымдастығына, инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Заңға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасы бар.
 





Яндекс.Метрика