Басқару

Т.Айсауытов: Президент озық тәжірибелерді қолдануды тапсырды

Сананың ашықтығы – халықты рухани жаңғыртудың жетекші бағыттарының бірі, бұл туралы Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен болатын. Қазақстанға латын әліпбиіне көшу бойынша нақты жоспар жасау керек, әсіресе жаңа технологиялар саласында жетіле білу қажет. Осындай пікірді «DAMU Research Group» зерттеу агенттігінің директоры Тимур Айсауытов білдірді.
Астана қаласы14 Сәуір , 15:42

«Менің айтайын дегенім, латын әліпбиіне өту деген сөз, тек қаріпті кирил қаріпінен латын әліпбиіне көшіруді ғана көздемейді. Бұл қазақ қоғамында қалыптасып қалған көптеген дәстүрлерді, құндылықтарды қайта қарау керек деген сөз. Бұл Елбасының мақаласында тайға таңба басқандай анық жазылып тұр», - деді Т.Айсауытов.

Оның айтуынша, сананың  ашықтығы – қоғамда  технологиялық жетілдіруге жол ашатын  жаңа өзгерістерге  дайын болу.

«Рухани жаңғыртудың 6 бағытының  бірі ретінде  «Сананың ашықтығын» атар едім.  Бұл ұлттық сананың  ашықтығын мәденилендіру,  белгілі тәртіптерден бас тарту, жеке адам мен  біртұтас  ұлтты дамыту. Әлем халықтарының үздік әдістемелерін меңгеріп, тәжірибеде қолдану», - деді Зерттеу агенттігінің басшысы.

Сондай-ақ, өзгелерден үйрену жақсы қасиет.

«Аталмыш дәстүрді  қайталауға ұлттың ұлы адамдары әркез шақырған болатын. Олар Абай, Алтынсарин, Байтұрсынов сынды тұлғалар. Бұл туралы айтатын болсақ, қазақ халқының ұлт ретінде  ашықтық, қонақжайлық, артықшылығы мен кемшілігін  мойындайтын  қасиеті бар.  Енді Қазақстан халқы  бұқаралық тәртіпте  ұлттық салт-дәстүрді қайталау қажет.  Ашықтық, икемділік  және үнемі өзгеру мен жетілуді   таңдауы  қазақ ұлтын  әлемдегі ең бәсекеге қабілетті ұлтқа айналдырады. Осыны тек жүзеге асыру керек», - деді спикер.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика