Басқару

М.Құл-Мұхаммед: Рухани жаңғыру – ұлттық руханияттың жаңа тұғыры

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген басымдықтар ұлтымызды жаңа деңгейге шығарады, деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Астана қаласы14 Сәуір , 11:56

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бұл мақалада қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан.

Сондай-ақ Мұхтар Абрарұлы Елбасы назар аударған мәселелердің дәл қазіргі таңда өте өзекті екеніне назар аударды.

«Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы. Елбасының жүрек төрінен шыққан асыл сөздері сіздерге – тәуелсіз Қазақстан жастарына арналған. Сондықтан оны әрбір қазақстандық жас оқып, меңгеруі керек. Себебі, руханиятымыздың қайнар көзі, тарихы, бүгіні мен болашағы осы құжатта анық көр­сетілген», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысы үш бірдей тарихи бастама жасағанын айтқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы өзінің халыққа арнаған биылғы Жол­дауында елімізді технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығаратын Қазақстанның кең ауқымды экономикалық жаңғыруына жол ашқандығын айтты.

«Екіншіден, ірі экономикалық қайта құрулармен қатар, бірегей Конституциялық реформа арқылы мемлекетіміздің саяси жаңғыруын қолға алды. Бүгін Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын ұсынып отыр», – деді.

Мұхтар Абрарұлының айтуынша, барша қазақстандықтар, соның ішінде зиялы қауым өкілдері әрдайым ұлт руханияты мен оның құндылықтарына ерекше назар аударып келді.

Сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде латын әліпбиіне тезірек көшу мен тәуелсіз заман жастарының шетел тілдерін меңгеруі қажеттігіне тоқталды.

Әрбір жастың ұлт руханиятының қайнар бастауынан сусындап, ата тарихы мен бабалар мәдениетін ардақтай білгенде ғана жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасатынына айрықша мән берді.

«Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен және жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту», – деп атап көрсетті партия қайраткері.

Жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру мәселесіне кеңінен тоқтала келіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Біз жақсылықтардан жатсынбауымыз керек. Мәдениет пен әдебиет, ғылым мен білім сала­сын­дағы бүгінгі заман жетістіктері біздің жастарымыздың да ортақ игілігіне айналуы тиіс.


 




Яндекс.Метрика