Өңірлер

ОҚО-да жылына 200 тонна саңырауқұлақ өсіретін ферма бар

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Agro Green» ЖШС-гі өңірде алғаш рет ірі көлемде қозықұйрық өсіруді қолға алып отыр. Осы жылдың басында жұмысын бастаған серіктестік жылына 200 тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 14 Сәуір, 18:57

Қозықұйрықтың А15 сортын өсіріп шығаратын ферма тұқымды Голландия елінен әкеледі. Фермада көлемі 280 шаршы метр болатын 12 камера бар. Мұнда егілген қозықұйрық үш айда дайын болады. Яғни, шаруалар жылына 4 рет өнім егіп ала алады.

Қазір осы камераларда өскен қозықұйрықтың келісін 800-1000 теңгеден өткізіп отыр. Алғашқы өнімін жинап отырған ферма бүгінге дейін 5 тонна өнім жинап, оны  Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларының нарығына шығаруда. Қозықұйрықтың  адам ағзасына тигізер пайдасының мол екенін айтқан ферма басшылығы бұл кәсіптің түрін Польша еліндегі әріптестерінен үйренгенін айтады.

Қозықұйрықтар жеуге жарайтын басқа саңырақұлақтар сияқты құнды ақуыздарға, көмірсулар мен органикалық қышқылдарға бай. Сонымен қатар  құрамында  PP, E, D, B  дәрумендері, жүрек-қан тамырлары жұмысына жайлы әсер ететін кальций, магний, мырыш бар.

 





Яндекс.Метрика