Басқару

Рухани жаңғыру үшін елде мықты іргетас бар - депутат

Рухани жаңғыру үшін елде мықты іргетас бар, деді Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы пікірінде.
Астана қаласы14 Сәуір , 14:32

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласын тұшына оқып шықтым.  Елбасы мақаласында қоғамның рухани жаңғыру  жолын анықтап берген», - деді О.Перепечина.

Депутат  Президенттің  ұлттың табысы  минералдық ресурстардың  санынан емес, адамның бәсекелестігінен тұрады деген пікірін толық  қолдайды.  Бәсекелестік туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір мақаласында еске салады.  Елбасының бүгінгі еңбегі реформалардың логикалық жалғасы.

«Қоғамды рухани жаңғырту  үшін  мықты іргетас  бар:  үштілділікті дамытуға арналған   маңызды бағдарламалар  қабылданып, әзірленді. Бастысы әрбір қазақстандық реформаның рухын сезінді, санасына трансформация жасап,  жауапкершілігі мол  және мықты ұлт  болуға бар күш-жігерін салды», - деді депутат.

Президент қазақстандықтар үшін мәдениетті сақтауға, өзіндік  ұлттық кодты қалыптастыру  үшін бағдар берді, сондай-ақ, жергілікті  билікке «Туған жер» және «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобаларына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

О. Перепечина айтып өткендей, маңызды жобаларға ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен зияткерлік өкілдер салмақты әрі саналы түрде  қарауы керек.

«Біз- Сенат депутаттары  еліміз дамудың жаңа кезеңіне шығуына бар күш-жігерімізді саламыз», - деді ол. 




Яндекс.Метрика