Халықаралық интеграция

Грекия өз өнімін Қазақстан нарығына экспорттауға мүдделі

Грекия өз өнімін Қазақстан нарығына экспорттауға мүдделі, бұл туралы Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волковтың Грекияның экономика және даму министрі Димитрис Пападимитриумен кездесуі барысында белгілі болды.
Әлемде14 Сәуір , 11:34

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, тараптар кездесуде елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сауда көлемдерін ұлғайту, инвестицияларды өзара қорғау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Элладаның астаналық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мәселелері де талқыға алынды. Министр және елші елдер арасындағы ведомствоаралық байланыстарды нығайту мен шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. А. Волков Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грекия Республикасының Үкіметі арасында көтермелеу және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім жасау жұмысын бірлесіп жылдамдатуды ұсынды, бұл бар бизнес байланыстарды арттыру үшін қосымша серпін болмақ.

Д. Пападимитриу Грекия Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылатын және Ресей Федерациясымен берік достық және іскерлік байланыстар орнатқан Қазақстан нарығына өз өнімін экспорттауға мүдделі екенін айтты. Министр Қазақстан мен Ресейдің Грекиямен көптеген тарихи және мәдени желілер арқылы байланысты екенін ерекше атап өтті. Осыған орай, ол ЕО-ға мүше ел Грекия мен ЕАЭО мүшесі Қазақстан арасындағы анағұрлым тығыз экономикалық байланыстарды дамытуды ұсынды.

Тараптар, сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым-қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатқанын және олардың даму перспективасы жақсы екенін де айтты.

А. Волков Қазақстанда орын алып жатқан маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық процестермен, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында жоспарланып жатқан халықаралық экономикалық іс-шаралармен толық таныстырып өтті. 




Яндекс.Метрика