Өңірлер

Қызылорда облысында ТҮҚ үшін 6600 жер учаскесі беріледі

Облыс орталығының «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан 6600-ге жуық жер беру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда14 Сәуір , 10:53

Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

ҚР жер заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне беру бас жоспарда  аталған мақсаттарға қаралған бос аумақтар болған жағдайда және олар инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте кезектілік пен бөлінетін алаңдардың дайын болуы ескеріледі.

«Елбасы «Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында барлық әкімдерге жаппай тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөлу жөнін тапсырма берген болатын. Облыс орталығының «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан («Бәйтерек» шағын ауданы) жалпы көлемі 980 гектар аумақтан 2016 жылы 3140 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, жер берілді. Алдағы уақытта осы аумақтан 6600-ге жуық жер беру жоспарлануда», - дейді басқарма басшысы.




Яндекс.Метрика