Басқару

Елбасының мақаласы Қазақстан мүддесінің стратегиялық бағытын анықтайды – Ж.Бексары

Ақтөбе облысында өңір басшысының міндетін атқарушы Жаңабай Бексарының төрағалығымен облыс активінің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша отырыс өтті.
Ақтөбе 14 Сәуір, 10:12

Шараға үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ардагерлер, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық  зиялылары, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері  бар 350-дей адам қатысты.

«Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мемлекеттік  идеологияның жаңа басымдықтары анықталды. Президентіміз «2050 Стратегиясында» атап өткендей: «Бүгін біз рухани дамудың маңыздылығы экономикалық, материалдық тұрғыдағы мәселелерден  де кем түспейтін даму кезеңіне қадам басудамыз». Сондықтан да идеологиялық саясатты жаңарту мәселесі саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық реформалармен қатар Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің әрі қарай дамуында маңызды басымдықтардың бірі болуы тиіс»,- деді отырысты ашқан Жаңабай Бексары.

Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы заманауи Қазақстан мүддесінің стратегиялық бағытын анықтайтын жаңа идеологиялық тұжырымдамасы болып табылатындығы атап өтілді.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Адырна» әдеби журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы ҚР Президентінің бағдарламалық мақаласы заманауи бәсекеге қабілетті ұлтты  құрудың негізі екендігін айтты.

Атап айтқанда, баяндамашылар Ақтөбе облысы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  қолдап, Президент тапсырмасын орындау үшін барлық күштерін салатындарын жеткізді.

 

 





Яндекс.Метрика