Өңірлер

ОҚО-да мемқызметшілерге арналған memkyzmet.kz сайты іске қосылды

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер үшін memkyzmet.kz көмекші сайты жұмыс істейді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область14 Сәуір , 09:23

Мәлімет  бойынша, 2016 жылы мансаптық өсу негізінде лауазымында жоғарылағандар саны 2015 жылға қарағанда 12%-ға арттырылғанын айта келе, Әли Амантайұлы мемқызметшілер үшін кері байланыс орнатып, сервистік қызмет атқаратын memkyzmet.kzкөмекші сайты жұмысын бастағанын мәлімдеді. 

Қолданушылар сайтты смартфондарына мобильдік қосымша арқылы жүктеп алып, кейін интернетке кірмей-ақ, жүргізіліп жатқан кешенді аттестаттау, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, бос орындар мен облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетіліп жатқан қызмет көрсету тізбесін, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, зңнамалар жиынтығын және басқа да мәліметтерді алуына болады. Бұл интернет-ресуста  «Аттестаттау 2017» арнайы айдары ашылған. Ол жерде мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттауды өткізудің толық мәліметінен басқа, әңгімелесу кезеңі бойынша әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар, бейнероликтер және басқа да пайдалы материалдар бар.

Сайттың тағы бір ерекшелігі - «Онлайн үйрену тесті» айдарының ашылуы.

Жалпы, 1218 мемлекеттік қызметшіге қатысты аттестаттау комиссиясының шешімдері қабылданды. Нәтижесі бойынша 51 (4,1%) мемлекеттік қызметші лауазымында жоғарылатуға ұсынылса, 1142 (93,8%) қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкестігі айқындалды, 18 (1,5%)  қызметшіні төмендетуге ұсынылған.




Яндекс.Метрика