Басқару

Ә.Байменов: Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін қазіргі заманғы технологияларға бейімдейді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" деп аталған мақаласында Үкіметке жыл соңына дейін латын әліпбиі стандартын әзірлеуді тапсырды. Аталмыш реформа туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
Астана қаласы14 Сәуір , 09:08

«Мен аталмыш реформаны  толық қолдаймын,  бұл қазақ тілін қазіргі заманғы технологияларға бейімдейді.  Бүгіннің  өзінде кей гаджедттерде  қазақ тілінің квази-кириллицасы  орнатылмаған.  Ол  бізге қолайсыздық тудырады. Бұл туралы тек қазақ тілінің қаріпін қолданбайтындар ғана білмейтін шығар. Біз  42 символдық  квази-кириллицаны қолданған кезде санға сансыз рет өтеміз, ол өте ыңғайсыз. Квази-кириллицаны қазіргі заманғы технологияға енгізу үшін миллиардтаған қаржы жұмсаймыз. Егер латын әліпбиіне көшсек жыл сайын кететін   қаржыны үнемдейтін едік», - деді А.Байменов.

Сондай-ақ, ол қазіргі қоғамның   қазақ қарпі жоқ телефондардағы СМС-ті қолданғанда мемлекеттік тілді бұрмалауға душар болатындығын айтты.  

«Бүгінде хабарласудың негізі СМС болып отыр, көптеген адамдардың гаджеттерінде қазақ қарпі  жоқ болғандықтан, олар бір-біріне бұрмаланған «смстерді» жолдап отырады. Бұл-факт. Оған қоса, латын әліпбиі кириллицаға қарағанда алға жылжудың символы, ол да ақиқат. Бұл қазақ  тілі мен қазақ ұлтының тікелей мәселесі, сондықтан кешелі бері қазақ тілін меңгермеген   тұлғалардың бұл жөніндегі аса белсенділік танытуының себебін түсіне алмадым», - деді сарапшы.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл қазақ тілінің болашағы мен бәсекелестігінің мәселесі.

«Шет  тілін меңгеріп жатқан кез келген адам латын қарпін біледі. Ол қазір кеңінен қолданылып та жүр. Қазіргі жастардың барлығы сауатты, латынның негізін біледі. Меніңше, латын әліпбиіне көшу үшін жеті жыл жеткілікті, бұл ауқымды мәселе емес.  Мен қазақ әліпбиінің реформасын қолдаймын», - деді А.Байменов.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында  латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеді. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастау керек.  Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керектігін айтты.

Кайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика