Ұлтаралық бірлік

Астанада «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты достық фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты XVIII қалалық достық фестивалі басталды. Іс-шараны ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының астаналық филиалы ұйымдастырды.
Астана қаласы13 Сәуір , 20:45

Фестиваль барысында 20 этномәдени бірлестік вокалдық топ, жеке орындаушылық, хореография сынды әр түрлі жанрдағы көркемдік нөмірлерін ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ «EXPOLIVE – болашақтың киімі» материалдарын пайдалана отырып, өздерінің креативті киім үлгілерін көрсетті.

Концерттік бағдарламаны астаналық «Хазар» әзербайжан бірлестігі ашты. 

Осы іс-шара аясында «Болашақтың энергиясы балалар көзімен» атты көрме де ұйымдастырылды.

«Біз мұндай көрмені жыл сайын ұйымдастырамыз. Қаламыздағы барлық этномәдени орталықтар фестивальге қатысуда. «Болашақтың энергиясы балалар көзімен» көрмесі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналғандықтан алғаш рет өтіп отыр. Балалардың болашақтың энергиясы туралы түсінігі дұрыс. Олар табиғат жайлы бәрін де біледі. Ең бастысы – табиғаттың бізге беретіні емес пе», – деп бөлісті Астанадағы ескерткіштердің және тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі директор орынбасары Нелли Шифрина.

Фестиваль қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етіледі. Әрбір номинация бойынша сыйлық иегерлері сыйлықақымен және дипломдармен марапатталады.

Достық фестивалі 15 сәуірге дейін созылмақ.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов 




Яндекс.Метрика