АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

А.Мырзахметов Ақмола және Павлодар облыстарына жұмыс сапарымен барды

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола және Павлодар облыстарында болды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Ақмола13 Сәуір , 20:21

Жұмыс сапарының барысында "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан Республикасы  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының  жүзеге асу барысымен танысты.

Елбасы агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс деп тапсырма берсе, соның негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы  әзірленді.

Аталған бағдарламада әкімдіктер үшін әр жылға нақты индикаторлар белгіленген. Жұмыс сапарының басты мақсаты  қойылған индикаторларды талқылау және орындалу барысын бақылау болып табылады.

Жаңа бағдарламаға сәйкес ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру, қайта өңдейтін және құрама жем кәсіпорындарының жүктемелігін арттыру, мал шаруашылығындағы жемшөп базасын нығайту мақсатында егістік жерлерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Ақмола облысындағы 6 май өңдейтін зауыттардың жүктемелігі – 30%, ал құрама жем зауыттарының жүктемелігі 56% құрап отыр.

Сондықтан, зауыттардың жүктемелігін арттыру мақсатында 2021 жылға қарай майлы дақылдар алқабын 380 мың га, мал азығы дақылдарын 490 мың га, арпаны 670 мың га арттыру жоспарлануда. Ал бидай алқабын  680 мың га қысқарту көзделуде.

2017 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 5,1 млн га аумаққа егу жоспарлап отыр.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен таныса отырып, Министр ағымдағы жылы көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендегенін айтты, соңғы тұтынушы үшін мөлшерлеме 5-6 % құрады. Бұл төмендеу ең алдымен ауыл шаруашылығы дақылдарын сапалы егуге бағытталған.

 




Яндекс.Метрика