Басқару

Сарапшының пайымы: Латын әліпбиіне өту Халықаралық интеграцияны арттырады

Қазақстанда 2025 жылы қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге дайындық жұмыстары басталды. Аталмыш реформаның артықшылығы мен кемшіліктері туралы БР СКП жанындағы Третей соты төрағасының орынбасары, қаржы және экологиялық құқық, кәсіпкерлер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Динара Миннигулова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында әңгімелеп берді.
Астана қаласы13 Сәуір , 19:56

«Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан латыншаға көшу қомақты қаржыны қажет ететін болады. Егер латыншаға көшу жеті жылға созылатын болса онда бұл мемлекеттің бір жылдық бюджетін қажет етеді.  Екінші жағынан кириллицаға үйренген жандарға латыншаны қабылдау оңайға түспесі анық. Мысалы, қалада тұрмайтын әйелге, апаға бұл айтарлықтай қиын. Ал, мемлекеттік органның әр шығарып жатқан шешімін халықтан қабылдау талап етіледі», - деп есептейді Д. Миннигулова.

Сарапшының пайымынша, мемлекет шешім қабылдау барысында қаржылай салымды және нәтижесінің тиімділігін, артықшылығы мен кемшілігін есептеуі керек.

 «Негізі қай тілде жазылғаны маңызды емес, бастысы бәрі түсінікті болуы тиіс», - деп өз пікірін білдірді Д. Миннигулова.

Сонымен қатар ол атап өткендей, латын әліпбиіне көшу үшін жеті жыл мерзім жеткіліксіз.

«Бүгінде бүкіл заңдарды латыншаға көшіру керек. Ал, бүл қыруар шаруа. Сонымен қатар, барлық оқулықтар қайта жазылуы тиіс, қайта оқу керек және т.т. Бұл дегеніңіз республиканың бір жылдық шоғырландырылған бюджеті немесе оданда көп шығынды өажет етуі мүмкін. Бұл жағдайда қаржылық мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді ескеру керек. Менің ойымша оның саяси әсері айтарлықтай жоғары болатын болса, сөзсіз латыншаға көшкен дұрыс. Дегенмен, мен заңгер ретінде тек осы тұрғыда өз пікірімді білдіре аламын. Біз  заңды оқығанда оны түсінбесек, ол күмән тудырады. Дәл осылай латын әліпбиі туралы айтсақта болады. Егер, латынша жазылған дүниенің бірде бірі маған түсініксіз болса, оған мен қуана қоймаспын. Сондықтанда тек қаржы жағдайын ғана емес, мәселенің адамгершілік аспектісін естен шығармаған жөн. Бұдан басқа, латынша мемлекеттік қызметкерлер үшінде қосымша қиындықтарды тудырады. Мен Башқорстанда тұрамын және біз аталмыш мәселелермен бетпе-бет келдік. Башқорстаннның тарихына көз жүгіртетін болсақ, бастапқыда біз арабша жаздық, кейіннен латыншаға көштік, содан соң кириллица болды. Бұл процесс біздің жеті жылымызды емес, онжылдықтарды алды. Бұл міндеттелгенмен қоғам оны қабылдамады», -деп ағынан  жарылды Д. Миннигулова.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның латыншаға көшуінің артықшылықтарында атап өтті.

«Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің жақсы тұстары да бар. Бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастыққа интеграцияланып жатыр және Орталық Азияның локомотиві болып табылады. Бұл тұрғысында латыншаға көшудің көптеген жақсы тұстары бар. Мәселен шетелдік азамат бұл елге келгенде кириллицадан гөрі, латынша оған жақынырақ болады. Оның үстіне Қазақстан ол Орталық Азияның орталығы ғана емес, сонымен қатар ол арқылы Жібек жолы өтіп жатыр. Бұл жолмен еуропалықтар мен қатар біз ресейліктерде жүреміз. Біз өз достарымызға өте жақсы көзқараспен қараймыз, сіздер біздің бауырларымыз және жақын көршілерімізсіздер. Мен Қазақстан Республикасының басшылығы не істеп жатқанын білетініне сенімдімін, бұл саяси қалау және оған қарсы шығуға болмайды», - деп түйді профессор.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында үкіметке жыл соңына дейін латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің стандарттарын жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар, латын әліпбиіне 2025 жылға дейін көшу керек деп дедлайн бекітті.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика