Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

«Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың кадрлық үрдістерін автоматтандырады

«Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың барлық кадрлық үрдісін автоматтандыруға бағытталған, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметкерлерді қосымша оқыту институтының директоры Гүлімжан Сүлейменова Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының (АМБҚ) жыл сайынғы жетінші конференциясы барысында.
Астана қаласы13 Сәуір , 17:36

«Е-қызмет» жүйесінің негізгі мақсаты  адами ресурстарды басқару саласын  үздік тәжірибеге сәйкес  персоналды басқару  жұмысын автоматтандыру болып табылады. Оған мемлекеттік  және өңірлік  персоналдық мәліметтерді біріктіретін   онлайн базаны біріктіру де енеді.

 «Е-қызмет» жүйесі Қазақстандағы ұзақмерзімді IТ жоба болып табылады.  Ол «eGov» жобасының бөлігі болып саналады.

«Бұл жүйе барлық меморгандардың кадрлық үрдісін автоматтандырады.  Егер бұған дейін меморгандардың  кадрлық үрдістері  жеке қағаз түрінде құжатталса, қазір  барлық органдар үшін  бір жүйе болып табылады.  Ол меморгандар арасындағы кадрлық қызметтің жүйесін тиімді ете түседі.  Бұл  құзыретті орган үшін  кадрлық қызметті жеделдету үшін қолайлы  құрал», - деді Г.Сүлейменова.

Спикердің айтуынша, болашақта «Е-қызмет» жетілдіріледі.

«Мәселен, біз Мемлекеттік басқару академиясы ретінде  «Е-қызмет» жүйесіне қызығушылық танытып отырмыз. Себебі институттың  жұмысы «Е-қызметпен» байланысты», - деді ол.

Айта кетейік, «Е-қызмет» жүйесі 2016 жылы  енгізілді. Мемлекеттік басқару академиясы оны тиімдірек ету үшін жұмыс істеуде.

Салтанат Сұрағанова




Яндекс.Метрика