Инвестициялар

ИДМ инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегияны әзірлеуде

ҚР ИДМ Инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегияны жасақтауда. Бұл туралы ҚР ИДМ инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Ербол Тасжуреков ҚР ИДМ медиа-орталығындағы баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 13 Сәуір, 16:54

«Стратегияда инвесторларды тарту үшін басым бағыттар мен әлеуеті зор салалар анықталады, инвестициялық климатты жақсарту шаралары мен инвестиция тарту механизмдері жетілдіріледі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандартарына сәйкес еліміздің инвестициялық климатын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді  Е.Тасжүреков.

Ол атап өткендей, әлемнің үздік тәжірибелері ескеріле отырып министрлік инвестициялық жобалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілін жасақтады.

«2017  жылдың алғашқы жарты жылдығының соңына дейін  салалар мен аймақтар тұрғысында халықаралық стандарттарға сәйкес орталық меморгандармен, әкімдіктермен, ұлттық компаниялармен бірлесе отырып инвестициялық жобалардың нақты тізімі жасақталады. Инвесторларды тарту үшін барлық жасақталған жобалар Тауашалы жобалар картасына енгізіледі. Осы ретте ИИДМБ салаларымен шектеліп қана қалмай, мүмкіндіктер кеңістігін кеңейтіп сауда, геологиялық барлау, туризм, қызмет көрсету, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бойынша МЖӘ, АӨК  салаларын қамту ұсынылуда», - деп атап өтті Е.Тасжүреков.

Бұдан басқа, төраға орынбасары атап өткендей, «Follow-up» жүйесі аясында инвестициялық жобаларды бірге алып жүру жұмыстары басталды.

«Аталмыш жүйе толығымен соңына дейін жеткізілмеген жобаның жүзеге асырыла бастауына жол берілмейді. Сонымен қатар, инвесторларға қолдау көрсету үшін жаңа қаржы құралдарын ұсыну қарастырылуда», - деді Е.Тасжүреков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер әзірленді. Барлық ұсынылған енгізілетін жаңалықтар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінде бар проблемалық аспектілерді және әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған.

«Бүгінде АЭА-да – 150-ге жуық жоба, оның 30-ы шетелдіктердің қатысуымен іске қосылған, тартылған инвестициялар көлемі 600 млрд теңгеден астам, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Республикалық бюджетке салық түсімдері түрінде 100 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды», - деп ақпараттандырды Е. Тасжүреков.

Сондай-ақ, ол «KazakhInvest» ұлттық компаниясы» АҚ жобаларға инвестициялар тарту, сондай-ақ инвесторлардың мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынасын жойып, визалардан бастап құрылысқа рұқсат беру құжаттарын, СЖТ, пайдалануға беру актілерін беруге дейін «бір терезе» принципі бойынша инвесторларға қызмет көрсету мәселелері бойынша Үкімет атынан жалғыз келіссөз жүргізуші және үйлестіруші бола алады.

«KazakhInvest» АҚ басқарушы директоры Алмас Айдаров инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша қалай қызмет көрсетілетіні жайында айтып берді.

«Қазақстанда «бір терезе» принципін іске асыру базасы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді құрылымын қалыптастыру болды. Уақтылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар анағұрлым тиімді түрде барлық деңгейлерде деректер алмасу процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанға жобаларды инвестициялауды шешкен кәсіпкер үшін әуел бастан барынша қолайлы жағдайлар жасалады», - деп мәлімдеді А. Айдаров.

Жалпы, қабылданған жүйелі және операциялық шаралар Қазақстанның инвестициялар тартудағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайту бойынша көзделген міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қайрат Жандыбаев

Фото: автор

 





Яндекс.Метрика