EXPO-2017

ЭКСПО-2017 алаңында әлем бойынша үздік сырнайшы өнер көрсетеді

ЭКСПО-2017 алаңында «Lautten Compagney» берлиндік оркестр мен сырнайшы Морис Штегер өнер көрсетеді, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ.
Астана қаласы 14 Сәуір, 08:43

«Lautten compagney» оркестрі Германияның үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оркестр ірі концерт алаңдарында өнер көрсетеді және гастрольде жүреді.

The Independent анықтамасы бойынша швейцариялық Морис Штегер  «әлем бойынша үздік сырнайшы» танылды. Бүгінде Штегер Цюрих камералық оркестрі, Франкфурт симфониялық оркестрі, Берлин филармониясының оркестрі сынды әлемнің жетекші оркестрімен өнер көрсетеді.

Ұлттық компаниядан хабарлағандай, концерт 2017 жылдың 30 маусымында өтеді.





Яндекс.Метрика