Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға кірісті

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына қол қою рәсімі аяқталды. ЕАЭО елдері құжатты ратификациялау алдындағы ішкі мемлекеттік рәсімдерге кірісті, деп хабарлады ЕЭК.
Әлемде13 Сәуір , 17:19

Жаңа Кеден кодексі Еуразиялық экономикалық комиссия қатысушы елдердің бесеуінен де шартты ратификациялау туралы хабарламаларды алғаннан кейін күшіне енеді.

ЕАЭО Кеден кодексі – Одақтың нормативтік-құқықтық базасының негізгі құжаттарының бірі. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта кедендік реттеу ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылатыны айқындалған. Ол Кеден одағының қолданыстағы Кеден кодексін және кедендік реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді алмастырады.

ЕАЭО Кеден кодексі одақтағы кедендік реттеуді біріздендіру және келісу деңгейін арттырады.  

«Енді көптеген процестер автоматтандырылатын болады. Құжатты біздің бизнес өкілдеріміз асыға күтті. Кеден кодексі күшіне енген соң біз ЕАЭО-дағы бизнес-климаттың едәуір жақсаруын күтеміз», – деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян.

Құжатта Одақтағы сыртқы экономикалық қызметті кедендік әкімшілендіру жүйесін «қағаз жүзінен» электрондық технологияларға ауыстыру заңнамалық түрде бекітіледі. Мұндай тәсіл бизнес ресурстарын едәуір үнемдейді, кедендік формалдылықтарды өту процестерін жылдамдатады, сондай-ақ декларацияны тіркеуден бастап тауарларды шығаруға дейінгі барлық кезеңдерде  шешімдер қабылдау кезінде «адами факторды» толықтай жояды.

Жаңа КК бойынша жұмыс үш жыл жүргізілді. ЕАЭО Кеден кодексі Комиссиямен, қатысушы бес елдің мемлекеттік органдарымен және бизнес-қоғамдастықтарымен бірлесіп әзірленген одақтың нормативтік-құқықтық базасындағы алғашқы құжатқа айналды. Бұрын бизнес ішкі мемлекеттік келісу кезеңіндегі мұндай деңгейдегі құжаттарға тартылған болатын. 




Яндекс.Метрика