Ұлттың денсаулығы

Павлодарда спортты дамытуға 3,7 млрд теңге жұмсалмақ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және «Еуразиялық топ» ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оған сәйкес, компания 2017-2018 жылдары өңір ішінде жобаларды іске асыруға 3,7 миллиард теңге бөлетін болады.
Павлодар13 Сәуір , 16:24

Құжатқа қол қойылғанға дейін облыс әкімі соңғы бес жыл ішінде ERG облыстың дамуына 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсағанын атап өтті.  

Әкімдіктің ақпараты бойынша, өткен жылы қол қойылған меморандум аясында Екібастұз қаласында 255 орынға арналған балабақша қалпына келтірілген, тұрғын үйлер абаттандырылып, ойын алаңдары салынған. Екі әкімшілік ғимарат коммуналдық меншікке берілген, оның біреуінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрып жатыр.

Жаңа меморандум бойынша едәуір қаржылай көмек халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын қамтуды ұлғайту мақсатында спортты дамытуға жұмсалмақ.

«Еуразиялық топ» ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаев атап өткендей, меморандумда айқындалған жобаларды талқылау жұмысы өткен жылдың ортасында басталған. Құжатқа қол қойылғаннан кейін Болат Бақауов тараптар павлодарлық шағын және орта бизнестің ERG кәсіпорындарын сатып алуға қатысатыны туралы келіскенін айтты.




Яндекс.Метрика