EXPO-2017

Халықаралық компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесімен ынтымақтастықты арттыруда

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басшылығы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Siemens» жетекші әлемдік технологиялық концерні «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми әріптестеріне айналды, деп хабарлады ұлттық компания.
Астана қаласы13 Сәуір , 15:21

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Шорманов өз сөзінде айтып өткендей, бұл қадам елімізде және елімізден тыс жерлерде көрмеге деген қызығушылықтың өсіп және сенімнің нығайып келе жатқанын білдіреді.

«Біз барлық нысандардың құрылысын аяқтап, контенттік толтыруға көштік. Жақында ХКБ басшылығы атап өткендей, алдағы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі соңғы ширек ғасыр ішінде үздік болып атанбақ», – деді Е. Шорманов.

Демеушілік қызмет туралы меморандум аясында жаңа әріптестер үшін «Көрме досы» санатына сәйкес жеңілдіктер, сондай-ақ корпоративтік павильонда 50 ш.м. көлемінде аудандар берілетін болады.

Айта кетейік, бүгінде 40-қа жуық қазақстандық және шетелдік компания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің демеушілеріне айналды, жасалған шарттардың сомасы 38 млрд теңгеден астам.




Яндекс.Метрика