Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа үлгісі түсіндірілді

«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері компаниядағы сатып алудың жаңа үлгісін түсіндірді. Сатып алудың тиімділігі дұрыс жоспарлауға, қорды келісім шарттар мен жеткізілімдерді басқаруға тәуелді, деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау және арнайы жобалар бойынша басқарушы директоры Адамас Илькявичюс Астанадағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы13 Сәуір , 12:06

Сатып алу қызметінің тиімділігін артыру мақсатында Сатып алуды басқару бойынша жаңа тұжырымдама 2015 жылдың қыркүйек айында мақұлданған болатын. Тұжырымдама сатып алуды жоспарлаудан қорды басқаруға дейін қамтитын сатып алудың жеті стандартын енгізуді көздейді. 

«Біз сатып алудың жаңа үлгісі туралы айтатын кезде компания қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділікке қараймыз. Бұл байланыс тұжырымдамасының тақырыбын аша түседі. Қозғалтқыш, автокөлік немесе сорап сатып алдық делік, аталмыш заттардың барлығының өмірлік циклы бар. Бұл заттарды сатып алу өте маңызды, алайда бұл олардың толық құнын аша түспейді. Себебі жөндеу, энергия, техникалық қызмет көрсету сияқты өзгеде құрамдас бөлшектер керек», - деп түсіндірді Адамас Илькявичюс. 

Оның айтуынша, иелік етудің жиынтық құнын  бағалау керек. Бұған дейін, қордың сатып алуда жалғыз критерий болды –  сатып алу бағасы. Бүгінде қор заманауи өзгерістерді енгізіп жатыр.

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы Самұрық-Қазына компаниялар тобының барлық сатып алуларына алдын ала біліктілік іріктеу жасау әрекетін таратуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қорға сатып алу жүйесін стандарттауға және оңтайландыруға, ал жеткізуші үшін шынайы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика