Ұлттың денсаулығы

Е.Біртанов: Медициналық сақтандыру жүйесіне барша халықты жұмылдыру қажет

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қарағанды облысына іссапары барысында бірқатар денсаулық сақтау нысандарына, мемлекеттік және жеке клиникаларға барды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 13 Сәуір, 13:02

Іссапар барысында Елжан Біртанов жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктер, гемофилия сияқты күрделі ауруларды емдеу үшін инъекциялық биотехнологиялық құрылғылар өндіруге бағытталған  «Қарағанды фармацевтикалық кешенін» ЖШС жұмысымен танысты.

Биылғы жылы кәсіпорыннан қатерлі ісік пен қан ұюды емдеуге арналған екі түрлі дәрі өндіріледі деп күтілуде,  қазіргі кезде дәрілер тіркелу үстінде. Дәрілер шектеулі технология трансферті бойынша белгілі әлемдік фармакологиялық брендтер аймағында өндіріледі. Бұл – әзірге Республикамызда күрделі технологиялық жоспар бойынша биотехнологиялық дәрі-дәрмек өндіретін алғашқы кәсіпорын. Кәсіпорын директоры Сергей Баронның айтуынша, сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін, өз елімізде өндірілген дәрілердің бағасы біздің науқастарға қолжетімді бағамен берілмек.

Министр өндірістік үрдіспен жеке танысып, халықты бағасы қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды екендігін атап айтты. Сондай-ақ ол өз кезегінде тұтынушға қажетті дәрі-дәрмекті тез арада өндіруге қатысты сұрақтарды шешу үшін, көмектесуге уәде берді. Ол аталған кәсіпорын тиімді, әсері жоғары, күшті дәрілік заттар өндіруге баса назар аударады деген сенімімен бөлісті.

Әрі қарай «Луч» нейрореабилитациялық орталығында денсаулық сақтау министріне жүйке жүйесі ауыратын науқастарды қалпына келтіруге арналған ерекше әдістің жаңа құрылғысын көруге мүмкіндік туды. Мұнда омыртқаны су астында түзету және омыртқаны құрғақ созу кешендері тиімді қолданылады. Инсульт алған пациенттің қарапайым дағдысын қалпына келтіру үшін, эрготерапиялық аймақ қамтамасыз етілген.

Ересек тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге арналған тәуліктік стационар 30 адамға арналған. Осындай орталықтарда қалпына келтіру еміне сұраныстың жоғары екендігін айта келіп, Елжан Біртанов мемлекет тарапынан қолдау болатынын және денсаулық сақтау жүйесінде науқастарды сауықтыру қарқынды жетілдірілетінін айтты.

Бұдан әрі министр Қарағанды №3 Қалалық емханасына барды. Ол аталған мекемені қарау барысында, емхананың негізгі жаңалықтарымен, кешенді медициналық ақпараттық жүйесі және заманауи медициналық құрылғыларымен танысты.

 КМАЖ жүйесі – қазіргі кезде жалпы тәжірибе дәрігерлері мен бейінді мамандарға онлайн түрінде жазылып, кезек мәселесін автоматтандырған, сондай-ақ елімізде электрондық жүйе арқылы үйге дәрігер шақыруға мүмкіндік жасаған жалғыз үлгі.

Ақпараттық жүйе бір уақытта өңірдің медициналық ұйымдарында болып жатқан барлық өзгерістерді (дәрігер жазбаларын, флюорографядан өтуді, әр науқасқа берілген дәрі рецептісін) қадағалауға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ-нің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің 2017 жылғы қаңтардағы ақпараты бойынша 17 млн. 635 мың. 937 адам тіркелген.

Оның ішінде: ер адамдар – 8 млн. 460 мың 120 адам және 9 млн.175 мың 817 – әйел адам. 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 млн. жуық, жұмысқа белсенді 60 жасқа дейін – 9,6 млн., 60 жас және одан жоғары егде жастағы адамдар саны 2 млн. асады.

ҚР бойынша АМСК ұйымдарының саны – 479, оның ішінде қалалық – 268, ауылдық – 211, соның ішінде жекеменшік – 97.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көрсететін жеткізушілер барлығы – 1043, оның ішінен 70,4% мемлекеттік медициналық ұйымдар.

 

 





Яндекс.Метрика