АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ШҚО-ның Бесқарағай ауданында екі тауарлы сүт фермасы ашылады

2017 жылы Бесқарағай ауданында 1200 және 600 ірі қара мал басына арналған сүт тауарлары фермалары жұмыс істей бастайды, бұл туралы Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметі барысында мәлім етті.
Шығыс Қазақстан13 Сәуір , 14:56

Оның айтуынша, экономика жағдайы, халықтың өмір сүру деңгейі, ауданның азық-түлік қауіпсіздігі едәуір дәрежеде аграрлық сектордың тұрақты жұмысына байланысты. Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасалып жатыр.  

«2017 жылы қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістер ашу жұмысы жалғастырылатын болады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша ауданда сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2016 жылы ауданда сүт қабылдайтын екінші пункт ашылды. Жұмыс істеп тұрған төрт сүт тауарлары фермасына 1200 және 600 ІҚМ басына арналған тағы екеуі қосылмақ», - деп хабарлады спикер.  

Сондай-ақ, сүт өнімін өңдеу цехы бар сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика