Басқару

Елбасының мақаласы болашақтың бағдарламасына айналады – Ж.Ерғалиев

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - уақыттың айнасы, болашақтың бағдарламасы деді Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.
Астана қаласы 13 Сәуір, 12:39

«Президенттің әр мақаласы шыққан сайын, ерекше көңіл аударып,  әр сөзіне зейін салуға тарысамын. Кейде оқығаннан түйген  ойыммен бөлісіп отырамын.  Жақында ғана «Егемен Қазақстан»  газетінде  Нұрсұлтан Назарбаевтың   «Ұлы  Дала  ұлағаттары»  атты ой толғауы жарық көрді. Осы  туындыға қатысты менің «Әлемге, Ғарышқа, Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!»  атты  мақалам жарық көрген болатын. Енді  бағдарламалық мақала «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруды»  тұшына оқып шықтым. Қазір де оны ой елегінен  өткізіп отырамын», - деді депутат.

Оның айтуынша, бұл мақала  –уақыттың айнасы, болашаққа арналған  бағдарлама.

«Болашақтың адамы қандай болу керек,  бұл алмағайып заманда адамзат өзінің нақты бейнесін жоғалтып алмауы үшін не істеуі керек? Елбасы осы сынды  күрделі сұрақтарға  жауап  берген», - деді Ж.Ерғалиев.

Депутат қазақстандықтар  ширек ғасырда  Мемлекет басшысының төрағалығымен  әлеуметтік-экономикалық салада сәтті жаңғырту жасағанын атап өтті.  Жылдың  басында Нұрсұлтан Назарбаев  өз Жолдауында  Қазақстандағы үшінші жаңғырудың  басталғаны туралы айтқан болатын.  Ол экономикалық жаңғыру мен саяси реформаға бастау берді.

«Елбасы Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына енуге жағдай жасай алды.  Біз бұны енді рухани  жетілдіруіміз керек», - деді сарапшы.

Ол айтып өткендей, Қазақстан халқы  мықты, жауапкершілігі жоғары  бірыңғай ұлтқа айналуы тиіс.

«Айта кетерлігі, Елбасы ХХІ ғасырда адамның ұлттық  санасының  негізгі құрамын зерделеген.  Жаһандық философиялық тоқтамға келген. Меніңше, бұл мақаладағы философиялық тәмсіл тек қазақстандықтарды ғана емес, әлем халықтары мен жалпы адамзатты ойландырады. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев адамзат алдындағы проблеманы көтеріп отыр», - деді Ж.Ерғалиев.





Яндекс.Метрика