Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Астанада Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының конференциясы өтуде (ФОТО)

Астанада мемлекеттык қызмет салысындағы Астана аймақтық хабы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының (АМБҚ) жыл сайынғы жетінші конференциясы өтуде.
Астана қаласы 13 Сәуір, 10:02

Азиялық мемлекеттердің ғалымдары мен іскер адамдар мемлекеттік басқаруды дамыту мәселелері мен жаңа инновациялық әдістерді талқылауда.

Хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов атап өткендей, аталмыш конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және бұл айшықты оқиға Хабтың географиясының кеңейіп, серіктестіктің және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің өсіп жатқанын білдіреді.

«АМБҚ мен хаб  аймақтық және аймақаралық әріптестікке оң әсерін тигізетін платформа болып табылады», – деді Ә. Байменов.

Өз кезегінде Пан Сук Ким, аталмыш алаң «ғылыми қызмет үшін байланыс орнатуда, әріптестікті одан ары дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді», деп атап өтті.  

«Мұндай әріптестік Азияда және күллі әлемд мемлекеттік басқару саласында жаңа кәсіби қарым қатынастардың дамуына септігін тигізетін болады», – деді Пан Сук Ким.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб осы аймақтағы мемлекеттердің мемлекеттік басқару саласында үздіксіз өзара тәжірибе алмасу институты болып табылады. Бүгінде Солтүстік Америка мен Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдерін қоса есептегенде Хабқа 36 мемлекет қатысады. Ал, АМБҚ мен Мемлекеттік басқару бойынша америкалық қоғамды (ASPA),Сингапурдағы мемқызметті жетілдіру бойынша  БҰҰ ДМ Жаһандық орталығы мен Қытай мемлекеттік басқару академиясын Хабтың 30-дан астам тұрақты халықаралық  әріптестері бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика