Халықаралық интеграция

Жапонияның Ірі бизнес федерациясы Қазақстанға делегация жіберуге ниетті

Жапониялық ірі бизнес федерациясы Қазақстанға өзінің экономикалық миссиясын жіберуге ниетті, бұл туралы Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың Жапониялық «Кейданрен» бизнес федерациясының президенті Садаюки Сакакибарамен Токиодағы кездесуі барысында белгілі болды.
Астана қаласы13 Сәуір , 11:32

Жапониялық «Кейданрен» бизнес федерациясының құрамына 1400-ден астам жетекші жапондық компания, өнеркәсіптік бірлестіктер мен өңірлік экономикалық қауымдастықтар кіреді

ҚР СІМ хабарлағандай, Е. Баударбек-Қожатаев кездесу барысында Жапониядағы ең ірі іскерлік федерацияның басшылығын Қазақстан Үкіметінің елдегі іскерлік және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі негізгі жұмысымен, екі ел кәсіпкерлерінің анағұрлым тығыз кооперациясы үшін бар мүмкіндіктермен таныстырып өтті. Елші Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне ерекше тоқталып өтті.

«Торай Индастри» және «Хитачи» белгілі жапониялық компаниялары басшылығының құрамына кіретін С. Сакакибара Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға ресми сапары қорытындыларының маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесу екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық-технологиялық әріптестігін одан әрі дамыту үшін жаңа перспективалы бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

Жапониялық бизнес федерациясының басшысы қазақстандық тараптың Халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындығына, соның ішінде Қазақстанның «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымын одан әрі тиімді пайдалану жөніндегі жоспарларына жоғары баға берді.  

Оған қоса, С. Сакакибара «ЭКСПО-2017» көрмесін халықаралық қолдауды мобильді ету бойынша Қазақстанның сәтті тәжірибесі де Жапонияны қызықтыратынын мәлім етті.  

Кездесу қорытындылары бойынша, екі елдің іскерлік топтары арасындағы қарым-қатынастардың жоғары динамикасының сақталу маңыздылығын айта келе, Е. Баударбек-Қожатаев және С. Сакакибара Жапониялық бизнес федерациясының 2017 жылы Қазақстанға миссиясын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісті. 




Яндекс.Метрика