EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» және «ҚазАгро» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы 13 Сәуір, 11:14

 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шорманов Ербол мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Омаров Тобылбек арасында қол қойылған құжат ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу және дайындық аясындағы екі тараптың өзара әріптестік іс-қимылын болжайды.

Бұдан басқа, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «ҚазАгро» холдингіне корпоративтік павильон аумағында көрме стендін орналастыру үшін орын бөліп берді. «ҚазАгро» холдингінің экспозициясы шеңберінде көрмеге келушілер үшін ауылшаруашылық бизнесін жүргізудің тәсілдерін көрсетіп, республикадағы аграрлық өндірістің перспективалары мен жетістіктерін таныстыру жоспарланады. Осының бәрі Қазақстан халқының  салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен үйлесім табады.     

Сонымен бірге, ЭКСПО өткізілетін күндері «ҚазАгро» көрме алаңында Халықаралық инвестициялық бизнес-форум өткізуді жоспарлайды, оның шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі, отандық өнім экспорты және республиканың АӨК-не инвестициялар тарту мәселелері талқыланатын болады.  

Қол қою рәсімінде «ҚазАгро» холдингінің Басқарушы директоры Тобылбек Омаров ЭКСПО-ны Қазақстанда өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті және халықаралық мағынадағы осы орасан зор іс-шараның жоғары деңгейде өткізілетініне сенімін білдірді.   

 





Яндекс.Метрика