Басқару

Н.Назарбаевтың мақаласы Қазақстан таңдауының ашықтығын паш етеді – Салтыбаев

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның ашықтыққа деген бағалы және өркениетті таңдауын паш етеді, деді Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев.
Астана қаласы13 Сәуір , 10:48

«Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   бағдарламалық  мақаласы соңғы жылдары ішкі және сыртқы күшеюге жауап ретінде саяси   биліктің қалыптастырған  идеологиялық платформасының контурын айқындайды», - деді сарапашы.

Оның айтуынша, мақалаға тоғыстырылған ойлардың идеясы тәнті етеді.  Президент  жаһандық трендке байланысты  бейімделіп, өзгерістерге ашық  болуға шықырады.

Сарапшы айтып өткендей,  латын әліпбиіне көшу идеясы  алдыңғы технологиялар мен  ақпараттық қоғамның жаңа іліміне көшуді астарлап тұр.

«Мақаланы тіл мен тарих, дәсүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты қоғамдық диалог тудыру  құралы ретінде де қарастыруға болады», - деді Е.Салтыбаев.

ӘЭСИ  директоры қазіргі заманғы қазақ қоғамының әлеуметтік және мәдени өмірінің шынайы  қарқынын ескеру өте маңызды екенін айтты. Атап айтсақ, қалалық орта таптың өсіп жатқан қалауы мен сұранысы.

«Жалпы, мақала Қазақстанның ашықтыққа, инновация пен прогресс тарапына қарай бағалы және өркениетті таңдауын көрсетеді. Бұл  бар әлемнен теріс айналып, сырттан  дұшпан  іздеп, жеке өзінің даму жолына бет бұру емес. Керсінше,  Президент ұсынып отырған негізгі идеологема  ашықтық арқылы реформа жасау, өзгерістерге дайын болу,  шынайы прагматизм,  қазақстандық  қоғамның руханы және мәдени қарқындауы», - деді сарапшы. 




Яндекс.Метрика