Халықаралық интеграция

Қазақстан ДСҰ-ның сауда және қоршаған орта комитетін басқарады

Қазақстанның Швейцариядағы елшісі , БҰҰ бөлімі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі және Женевадағы өзге халықаралық ұйымдардың жетекшісі Жанар Айтжанова ДСҰ-ның сауда және қоршаған орта комитетін басқарады.
Әлемде13 Сәуір , 10:23

«Аталмыш тағайындау ДСҰ-ның Қазақстанға артып отырған зор сенімін  көрсетеді.  Биыл   2017 жылдың  11-14  желтоқсаны аралығында   Буэнос-Айресте  (Аргентина)  өтетін  ДСҰ-ның   XI  Министрлік конференциясына дайындық  аясында ДСҰ-ның жаңа  орган төрағаларына  үлкен жауапкершілік артылып отыр», - деп хабарлады СІМ.

Ж.Айтжанова  ДСҰ-ның  Азияның дамып жатқан елдері  арасындағы өңірлік  топтың сауда және қоршаған  орта Комитет төрағасы лауазымына ұсынылды, Қазақстан оған 2016 жылдың қарашасында қосылған болатын.

ДСҰ  сауда  және қоршаған орта  комитеті 1995 жылы  құрылды, ол ДСҰ  мүше елдері үкіметінің  арасындағы   қоршаған ортаны қорғау туралы  диалог үшін тұрақты форум  болып табылады.

Айта кетейік, әр түрлі жылдары комитетті Аргентина, Сингапур, Мажарстан, Словакия, Мысыр, Польша, Түркия, Малайзия, Финляндия, Гонконг, Колумбия, Таиланд және Чили елдерінің елшілері басқарды. 




Яндекс.Метрика