EXPO-2017

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өңірлерде ілгерілету мәселесі талқыланды

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Халықаралық мамандандырылған Көрмені жылжыту жұмысы, өңірлерден келушілерді және шетелдік туристерді тарту, еріктілерді даярлау - осы және өзге де сұрақтар талқыланды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 13 Сәуір, 09:11

Кеңес қатысушылары Көрме нысандары, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама және оның шарттары туралы егжей-тегжейлі таныстырылып, ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды.

Ұлттық компанияның жетекшісі "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі Елбасының жобасы екендігін әрі жер-жерде әкімшілік ресурс арқылы келушілерді тарту орынсыздығын атап айтты.

"Сіздер (шенеуніктер) азаматтарға Көрменің мақсаты мен міндетін, оның болашақта Қазақстан экономикасына тигізетін мультипликациялық әсерін түсіндірулеріңіз қажет. ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізудің кепілі мәжбүрлеп міндеттеу емес, істі тиімді жылжыту және жарнамалау болып табылады", - деп көрсетті Ахметжан Есімов.

 





Яндекс.Метрика