100 табыс тарихы

Жыл өнертапқышының табысы

Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 19:44

Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы еңбек жолын Қазақ химия-технологиялық институтын аяқтағаннан кейін Жамбыл (Тараз) қаласына Жаңа Жамбыл фосфор зауытына жас маман ретінде жолданып, сары фосфор өндіру №5 цехының ауысым шебері болып бастайды. 1988 жылы зауыттың партия ұйымының хатшысы болып сайланады. 1990-1996 жылдары №4 сары фосфор өндіру цехының бастығы, зауыттың тауар өткізу және сыртқы экономикалық жұмыстар жөніндегі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарады. 1996-1998 жылдары «Арго» ЖШС-нің Бас директоры, 1998-1999 жылдары «ЖаңаЖамбыл фосфор зауыты» өндіріс кооперативінің директоры. 1999 жылдан «Қазфосфат» ЖШС құрылғаннан кейін «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы ЖЖФЗ директоры. 2000 жылы «Қазфосфат» ЖШС департаментінің маркетинг директоры (Алматы қаласы), ал 2002-2005 жылдары «Қазфосфат» ЖШС-нің маркетинг және тауар өткізу жөнінен төраға басқармасының орынбасары қызметі атқарады. 2005 жылдың ақпанынан «Қазфосфат» ЖШС-нің Бас директоры қызметін атқарып келеді.

Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы Тараз қаласының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы,«Нұр Отан» ХДП Жамбыл филиалының Саяси кеңес мүшесі. Жамбыл облыстық мәслихатының 5 шақырылымының депутаты.Қазақстан Республикасы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік инвесторлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі, Өндірісті дамыту, құрылыс, энергетика, көлік және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша облыс маслихатының тұрақты комиссия төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының аймақтық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Құрметті инженері, ТарМУ мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Жылдың үздік рациоанализаторы, Білім меценаты.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005ж); «Құрмет» ордені (2008ж); Қазақстан Республикасының 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған медалі (2011ж); «Парасат» ордені (2013ж); «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төс белгісі (2013ж); Қазақстан Республикасы Маслихатының 20 жылдығына арналған медалі (2014ж); Нұр Отан партиясының медалі «Ерен қызметі үшін» (2014ж); «За заслуги перед химической индустрией России» I дәрежелі № 380 ордені; «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалі (2015ж); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж); Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалі –(2015ж); «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі (2015ж);

2015 жылы Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшінЖоғары дәрежелі ерекшелік белгісі -«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

 




Яндекс.Метрика