Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстандық делегация МАГАТЭ халықаралық конференциясына қатысуда

Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ядролық қауіпсіздікке қатысты бірінші халықаралық конференциясының жұмысына 123 мемлекет пен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде04 Қыркүйек , 00:00

МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано конференцияны аша отырып: «ядролық лаңкестік қаупі бар, сондықтан ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайту керек», - деп мәлімдеді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының делегациясы қатысуда. ҚР СІМ өкілі, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов сөйлеген сөзінде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізудегі маңызды шарттарды атап айтты. Олар: жаппай ядролық қарусыздандыру, қаруды таратпаудың халықаралық тәртібін нығайту, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық базаны нығайту және оны жүзеге асыру.

Конференция 5 шілдеге дейін жалғасады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика