Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Н.Садуақасов: «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының нәтижесінде Қостанай облысында шамамен 7 мың жаңа жұмыс орны ашылды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асырған уақыт ішінде Қостанай облысында шамамен 7 мың жаңа жұмыс орны ашылды, деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов ОКҚ баспасөз конференциясында.
Қостанай19 Желтоксан , 11:47

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыру үшін үш жыл ішінде республикалық бюджеттен 6,9 млрд теңге бөлінді. Ал биыл шамамен 4 млрд теңге қарастырылған. Бағдарламаны іске асыру уақытында 10 мың адам қатысқан 7 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды», - деді әкім.

 Өткен жылы бағдарлама аясында шағын несиелеуге 174 млн теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 850 млн теңгеге жеткен.

«Сонымен қатар, қаржыландыру қызметтерімен қатар халыққа шағын несиелер де берілуде. Соңғы екі жылда 5,5 мың арыз алушы 2,5 млрд теңге несие алған», - деді өңір басшысы.

Осыған орай кедейшілік деңгейіндегі азаматтар саны 1260 адамға азайып, 3596 адамды құрады.

Ал кедейшілік жағдайындағы отбасылардың саны 445-ке азайып, 1014-ті құраған.

Өңір басшысының айтуынша, облыстағы жұмыссыздық деңгейі 0,2%.

«Жыл басынан бері орташа айлық көрсеткіші 8,3% өсіп, ал жалақы деңгейі 2,1% көтерілді. Ал халықтың орташа айлық табысы 2013 жылдың қыркүйектегі көрсеткішінде 47736 теңге деп көрсетілген», - деді Н.Садуақасов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика