Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

ОҚО-ның кәсіпкерлер палатасы мен прокуратурасы бизнесті қорғау жөнінде меморандумға қол қойды

Кеше, 18 желтоқсан ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы арасында бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойылды, деп ОҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан19 Желтоксан , 10:32

«Қол қойылған келісімнің мақсаты өңірдегі бизнес-қауымдастықты кәсіпкерлер құқықтары туралы хабардар болу деңгейінің көтермелеу және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Сондай ақ, ОҚО Кәсіпкерлер палатасында облыс прокурорының қатысуымен әр тоқсан сайын кәсіпкерлерге қоғамдық қабылдау өткізуге келісімге келдік. Палата мен Прокуратура басшылығының арасында ақпаратпен шұғыл алмасуды ұйымдастыру үшін біртұтас электрондық чат құрылады.

Сонымен қатар, екі жақ кәсіпкерлікті қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, әкімшілік кедергілерді жою және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру бағытындағы ұсыныстарды бірлесіп дайындауға келісті. 

«Екі жақты қабылданған меморандум аясында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық Прокуратура арасында бірлескен іс-шаралар кестесі бекітілетін болады – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев.

 



Яндекс.Метрика