Парламент

Бюджетті тиімсіз пайдаланғандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды

Мәжілісте бюджетті тиімсіз пайдаланып, орынсыз шығынға ұшыратқандардың жауапкершілігін арттырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін апару керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында депутат Омархан Өксікбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Наурыз , 18:13

Аталмыш шара бюджеттік шығын қажет ететін барлық салаларда тиімділікті арттырады.

«Жыл сайын біз есептерді тыңдаймыз, бюджеттік қаржы тиімсіз әрі мақсатты түрде қолданылмай жатқанын  байқаймыз. Алайда, мемлекеттік органдар мен жетекшілер аталмыш талаптардың бұзылғанына орай  жауапкершілікке тартылмады. Бюджетті орындау мәселесінде Үкімет пен әкімдік мүшелері жеке жауапкершілікке тартылуы керек. Әрбір бюджеттік бағдарламаға жауап беретін маман  болады. Қылмыстық жауапкершілікке келетін болсақ, оған тиімсіз салаларға қаржыны бағыттайтын адамды тарту керек, бұл жерде әкімшілік жауапкершілік аз болып отыр. Мәселе бюджеттік  салаға келгенде дәреже таңдалмайды», - деді О.Өксікбаев.

Депутат үш жылдық жоспарлаудан бір жылдыққа өтуді ұсынды, бюджетті қалыптастыру  жетілдіруді қажет етеді.

«Бюджетті төменнен қалыптастыру керек, бюджеттік өтінімді қалыптастыру  аса ірі жауапкершілікпен жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ, қазір бізде үш жылдық бюджет қалыптасып жатыр, біз алдағы екі жылда индикативтік бюджетті жоспарлап жатырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, аталмыш бюджет уақыт өткен соң жұмыс істемейді, біз  оны қайта қараймыз. Осыған орай, үш жылдық бюджет қажетті  нәтиже бермеген соң, Үкімет бірыңғай бюджеттік жоспарлауға көшуі керек», - деді О.Өксікбаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика