EXPO-2017

ЭКСПО кезеңінде азық-түлік тауарларының бағасы көтерілмейді – министр

ЭКСПО кезеңінде азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуі күтілмейді, деді ОҚК баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Астана қаласы30 Наурыз , 18:53

«Мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде бағалардың өсіп-құлдырауы өзгереді деп ойламаймын. Алайда, мейрамханалар мен қонақ үйлер,  ойын-сауық  орталықтары мен туристік орындардың  бағасы сәйкесінше артуы мүмкін. Азық-түлік бағасына келетін болсақ: ЭКСПО көрмесіне келушілер мәдени орындарды аралап, көрмелерге кірген соң қоғамдық орындарда тамақтанады. Сондықтан, ЭКСПО кезеңінде азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуі күтілмейді», - деді министр.

Оның айтуынша, дүниежүзілік көрме кезінде азық-түлік бағасының түсу маусымы болады.

«Бұл кезеңде астық маусымы белең алады.  Оңтүстіктен жеткізілімдер артады,  солтүстіктің де өзіндік тасымалдаулары бар. Бұл біздің шағын және орта бизнеске тиімді әсер бермек», - деді ол.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика