Үкімет

ШОБ-ті дамыту экономикалық өсімді арттыруды қамтамасыз етеді – Т.Сүлейменов

ШОБ-ті дамыту экономикалық өсімді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:34

 «Экономикалық өсім үшін серпінді әлеует дәстүрлі салаларда бар: ол – өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы. Осы әлеуетті арттыру үшін бізге экономикамыздың негізгі салаларындағы экстенсивтік және қарқынды дамуын жалғастыру қажет. Экстенсивтік даму үшін біздің тарапымыздан ірі кен орындарын игеру (ТШО-ны келешекте кеңейту жұмыстары) және Қашаған жобасын жобалық қуаттылыққа жеткізу жұмыстары ұсынылады»,- деді министр.

Сүлейменов қарқынды дамудағы серпінді ырғақ тереңдетіп қайта өңдеуді дамыту, кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуі тиістігін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, өсімнің жаңа моделінің тағы бір негізгі бағыты экспорттық әлеует пен ипорталмастыруды дамыту екендігін алға тартты.

«Ұлттық экспорттық стратегия әзірленетін болады, ол бойынша экспорт көлемін арттыру үшін жаңа экспорттық өнімдер, сыртқы нарықтардағы жаңа мүмкіндіктер айқындалуы тиіс. Стратегияда біз тауарларды экспорттауға және көліктік тасымалдау әлеуетіне қатысты жаңа мүмкіндіктерімізді біріктіруді жоспарлаудамыз. Бірінші кезекте, біздің дәстүрлі әріптестеріміздің нарығына қатысуымыз күшейтіледі, бұл – ЕуразЭҚ елдері, ҚХР, Орталық Азия мемлекеттері. Білім беру мен медициналық қызметтегі зор экспорттық әлеуетімізді атап өткен орынды», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, Қазақстанның азық-түлік өнімдері (жекелеген позициялар бойынша имортқа тәуелділік 60 пайызды құрайды), жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі өнімі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия өндірісінде зор импорталмасу әлеуеті байқалады.

Сүлейменов стратегиялық мақсаттардың бірі 2050 жылға қарай ШОБ-тың елдегі ІЖӨ-дегі үлесін 50%-дан кемітпеуді қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

«Ағымдағы жылы Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталды, соның арқасында Қазақстан азаматтары ауылда немесе қалада өз бизнесі үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. 2017 жылы кәсіпкерлік бастамаларға шағын несие беру үшін қалаларға 2,5 мың адамды қамтитын 10 млрд теңге, ауылдар мен шағын қалаларға – 3 мың адамды қамтитын 27млрд. теңге қарастырылып отыр», - деді министр.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика