Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қарағандыда барлық жолдар 2 жыл ішінде жөнделеді

Қарағандыда автомобиль жолдарын жөндеудің екі жылдық бағдарламасы қабылданады. Жобаны қалалық мәслихат депутаттары мен жұртшылық назарына қала әкімі Нұрлан Әубәкіров ұсынды.
Қарағанды30 Наурыз , 20:36

«Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – қаланы одан әрі дамыту мәселелерін қарау. 14 наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен облыс әкімі болып Ерлан Жақанұлы Қошановтың тағайындалғанын білесіздер. Қысқа мерзімнің ішінде көп жұмыс атқарылды. Ең алдымен облыс орталығының проблемалық мәселелеріне басымдық берілді. Қарағанды бойынша сапарлар болды. Маршрутқа көп жылдан бері жөнделмеген жол енгізілді. Содан кейін бірқатар кеңестер өткізіліп, жол инфрақұрылымын дамыту мен қаланың эстетикалық келбетін жақсарту бойынша тұжырымдама таныстырылды», - деді Нұрлан Әубәкіров.

101-көше проблемалық көшелер тізіміне енді, ондағы жолдар мен орамішілік өткелдерді жөндеу керек. Есептеулер бойынша, 5 млрд. теңгеден аса қаржы керек. Қалаға облыстық бюджеттен қосымша трансферттер бөлінеді деп күтілуде. 

«Біз бағдарлама әзірледік. Оны қарап, өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді енгізулеріңізді сұраймын. Құрастырылған бағдарламаны облыс басшылығына ұсынамыз, және сәйкесінше, облыстық мәслихат сессиясында қорғаймыз. Көп жылдан бері жөнделмеген жолдар нашар, 2017-2018 жылдарға арналған жөндеу жоспарына қосымша енгізу қажет», - деп атап өтті қала әкімі. 

2017 жылы жаңа қаладағы 10 магистральдық көшені жөндеу жоспарланған. 

«Майқұдықта үлкен үш учаскені жөндеу қажет, Пришахтинскіде – екі учаске. Орамішілік жобалар – 29 учаске. Соның ішінде жаңа қалада – 14, Михайловкада – 3, Оңтүстік-Шығыста – 7, Майқұдықта – 4 және тағы біреуі Пришахтинскіде. Мұнымен қоса, тізімге жеке тұрғын үй секторындағы 62 автожол енгізілді», - деп нақтылады Нұрлан Әубәкіров.
Халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны бірауыздан қолдады




Яндекс.Метрика