Қазіргі таңда лига Кеңесшілер палатасы мен Парламент өкілдерінің 40 депутатын біріктіріп отыр. Оның ішінде Жапония министрлер кабинетінің мүшелері де бар.
Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев жапондық заңгерлерді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңалықтарымен таныстырды.
Лига төрағасы Либералды-демократиялық партияны басқарушылардың белді мүшесі Такео Кавамура Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың қарашасында Жапонияға жасаған сапарының тарихилығы мен екі ел арасындағы саяси байланыстың оң қарқынын атап өтті.
Жапония Парламент кеңесшілерінің арнайы комитетінің директоры Сацуки Катаяма айтып өткендей, «Қазақстан тәуелсіздік жылдары өткізілген реформалардың тиімділігін көрсетті, олардың аясында Жапониямен ынтымақтастық кеңейе түсті».
Кеңес қорытындысы бойынша шараға қатысушылар жапондық тарап Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын мәлімдеді.