Адами капитал

Көктемгі шақырылым-2017 ҚР ҚК 25 жылдығын мерекелеу кезеңінде өткізіледі

Көктемгі шақырылым-2017 ҚР ҚК 25 жылдығын мерекелеу кезеңінде өткізіледі. Бұл туралы ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров ОКҚ-ның баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Астана қаласы30 Наурыз , 12:28

«Бүгін Қазақстан армиясы – мемлекеттің барлық азаматы мақтанышының мәні, ал әскери қызмет құрметті және абыройлы бола алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен жылдарында біздің мемлекетіміздің Басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талмас қамқорлығы нәтижесінде шағын, ұтқыр және жауынгерлік әзір Қарулы Күштер қалыптастырылды, оның негізі жоғары жауынгерлік машықты  көрсете алатын жеке құрамнан тұрады», - деді М.Дайыров.  

Ол айтып өткендей,  Қазақстан Армиясы әскерге шақыру бойынша да және келісімшарт бойынша да аралас тәсілмен жасақталады. Оның іс-қимылының барлық саласына әлемдік тәжірибеге негізделген ең жаңа және озық тәжірибе енгізіледі.   Жеке құраммен жасақтау, оның ішінде әскерге шақыру да артта қалған жоқ.

«Бұл ретте, 2017 жылғы көктемгі әскерге шақыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу кезеңінде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты өңірлерде жаңа шақырылғандарды армияға салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру, әскери ант қабылдау дәстүрін ашық алаңдарда, қалалар мен аудандардың тарихи маңызды жерлерінде  қоғамның және БАҚ-ның топтарын кеңінен тарта отырып өткізу  жоспарлануда.Өйткені, әскери-патриоттық жұмыс өсіп келе жатқан ұрпақтың биік патриоттық сезімін және мемлекеттің өз Отанын қорғауға әзір  азаматының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс», - деді ол.

Сонымен бірге, әскери қызмет біздің мемлекетіміздің ұлттық егемендігін сақтаудың негізі болды, бола алды және болады да. Тиісінше, жастарды тәрбиелеу және оны Отанды қорғауға дайындау мемлекеттік құрылымның да қоғамның да ең маңызды міндеті болып табылады.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика