Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 11 млрд теңгеге техника сатып алу өтінімі келді

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына құны 11 млрд. теңгеден аса сомаға көктемгі-егіс жұмыстарына арналған техника сатып алуға өтінім келіп түсті.
Казахстан30 Наурыз , 17:29

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі құрылымына енетін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына құны 11 млрд. теңгеден аса сомаға көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 811 өтінім келіп түсті.

Бүгінгі таңда аграршылармен 2,4 млрд. теңгеге 299 бірлік техника сатып алуға қаржы лизингі шарттары жасалып та қойған. Сонымен қатар, 1,8 млрд. теңге сомасына 116 өтінім мақұлданды, қалғандары қарауда жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтардың лизингісіне арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 17,3%-ға төмендетілген.

Ең көп өтінім Шығыс Қазақстан (124) және Алматы (112) облыстарында, ал ең аз өтінім Ақмола (15) және Павлодар (17) облыстарында тіркелген.

2016 жылдың қортындысы бойынша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 51,8 млрд. теңге сомасына 3 мың бірліктен аса техника сатып алуды қаржыландырды. Қазіргі уақытта Қазақстанға әкелінген ауыл шаруашылығы техникасының әрбір екіншісі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауының арқасында сатып алынған.

 




Яндекс.Метрика