Адами капитал

Қазақстанда әскерге көктемгі шақырылым басталды

Қазақстанға жедел әскери қызметке көктемгі шақырылым басталды. Бұл туралы деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Үсербаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Наурыз , 12:11

Полковниктің айтуынша,  2017 жылдың көктемінде Қарулы Күштерде мен ҚР өзге әскери  құрылымдарына 1999-1990 жылғы  16 мың азаматты шақыру  жоспарланған.

«Көктемгі шақырылымның  негізгі  мақсаты  Қарулы Күштерді жасақтау, өзге құрылымдарды жас қазақстандықтардың санымен арттыру   болып табылады», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  жасақтау эксаймақтық ұстаным бойынша жүзеге асырылады.

«Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі», - деді А.Үсербаев.

Айта кетейік, Әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады.

Кайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика