Евразиялық одақ

1 сәуірден бастап әуе тасымалдаушылар ЕАЭО-ға тауар жеткізу туралы ақпарат береді

1 сәуірден бастап әуе тасымалдаушылар ЕАЭО-ға тауар жеткізу туралы ақпарат таратады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Әлемде30 Наурыз , 16:04

«Еуразиялық экономикалық комиссияның  Еуразиялық экономикалық одақ  аймағына  енгізілетін  тауарлар туралы   алдын ала ақпарат  енгізу   2015 жылдың  1 желтоқсанындағы №158 шешімі бойынша нақтыланған болатын», - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, әуе тасымалдаушы  одақтың аймағына келмес бұрын  кедендік органға  әуе кемесі  мен оның бағыты туралы, сондай-ақ,  ұлттық мүлік пен  су кемесінің тіркеме белгісі  және келу, кету уақыты туралы ақпарат  беруі керек.

Сондай-ақ, әуе тасымалдаушылары  кемедегі тауарлардың санын айтуы керек.  Кедендік қызметтерді ақпараттандыруды дәрілік заттар мен қару-жарақ сынды тауарлар енгізгенде қамтамасыз ету керек.

Кедендік орган алдын ала ақпаратты оның жалғандығына күмән туған жағдайда қабылдамауға құқығы бар.  Оған қоса, мемлекеттік реттеуші  өзінің қабылдамауының себебін түсіндіруі керек. Қателіктер түзетілген соң  әуетасымалдаушы алдын ала ақпаратты қайта тапсыра алады.

 




Яндекс.Метрика