Адами капитал

Көкшетауда балаларға арналған мобильді қосымша әзірленді

Көкшетаулық жас кәсіпкер балаларға арналған қазақы нақышта мобильдік қосымша әзірледі, деп хабарлады «Даму» қоры.
Ақмола30 Наурыз , 15:37

Биғазы Самат - жас кәсіпкер. Бағдарламалаушы болып жұмыс істейтін ол 2014 жылы «Инсаай» атты ЖШС ашты. Бағдарламалау жағын жақсы меңгергенмен, бизнес аласына шорқақтау еді. Сол уақытта Көкшетауда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастаған болатын. Алдымен ол Бизнес-Кеңесші бағыты бойынша оқыды.

Сол жылы жас кәсіпкер мектебіне қатысып, мобильді қосымша жасау барысындағы өзінің бірінші бизнес-жоспарын әзірледі. Миды дамытатын ойындар идеясының көпшілікті қызықтыратынын түсінген соң, грант алуға да өтінім берді. Сөйтіп «Қадам» атты мобильдік қосымша жасау жобасымен жеңімпаз атанды. Бұл қосымша арқылы жастар логикалық ойлау қабілетінін дамытып, өз халқының таным-тәрбиесі мен мәдениетіне терең үңіле алады.

«Дизайнермен бірігіп екі жылға жуық жұмыс істедік. Қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысты кейінге қалдыруға да тура келді. Ойымызда таза қазақы нақышта, балаларға арналған 3 тілдегі мобильді қосымша жасау болды. Қазір ойын қосылды. Танымал бола бастады. Ұялы телефонға жүктеп алуға болады. Табысқа келер болсақ, жоба әлі пайда әкеле қойған жоқ. Негізінен тапсырыстар сайт жасау, мобильді қосымша жасау жөнінен түседі. Уақыт өте келе біздің мобильдік қосымшалар сапасы артып, Ресей мен шет елдік қосымшалармен теңдесе алады деп сенемін»,-дейді Самат.

Қазірдің өзінде қосымша үздік бестіккке кіреді. Самат қазір 3D кітаптар жасауды қолға алып отыр.




Яндекс.Метрика