Білім беру

ҚазГЗУ-да оқуға екі грантты Іскер әйелдер кеңесі ұсынады

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Астананыің іскер әйелдер кеңесі ҚазГЗУ –мен бірлесіп кәсіпкер әйелдер арасында аталмыш оқу орнында оқуға мүмкіндік беретін грантқа байқау жариялады. Шара «ҚазГЗУ Эндаумент» корпоративтік қорының бір жылдығына арналды.
Астана қаласы 30 Наурыз, 11:36

«ҚазГЗУ Эндаумент» копоративтік қоры  ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаевтың  бастамасы бойынша құрылды. Жұмыс жылдары  айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді, оның ішінде  аутиториялық ЖОО-ның  жаңаруы,  университеттің көзге түскен студенттеріне  грант, жеңілдік, шәкіртақы  сынды  қаржылай көмек көрсету. Биылғы жылы  қордың ресми  серіктестері,  меценаттардың  демеушілік көмектерінің нәтижесінде  тегін оқумен 20 студент қамтамасыз етілді.

«Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер  кеңесінің төрағасы  Бағила Бейсембаева  университет қабырғасында  атаулы аудиторияның ашылуы салтанатында  бұл алаң бизнес тренингтер өткізу үшін қажет екендігін айтты.

«Меніңше, аталмыш университет  Қазақстандағы бизнес  білім берудің   қолбасшыларының бірі. Бұл қор  жалпы білім беруге оң әсер береді. Біз ҚазГЗУ  университетімен  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Ол бизнес саласында білім беруді дамытуды қарастырады», - деді ол.

Б.Бейсембаева айтып өткендей, жас  мамандарға  кәсіпкерлік саласында тәжірибені қалдырған жөн.

Болашақта  бұл тығыз ынтымақтастыққа айналады, ол бойынша  кәсіпкерліктер мен зауыттарда, фирмаларда  шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған. Спикер сондай-ақ,  ҚазГЗУ студенттерінің   кеңес аясында тәжірибе өту мүмкіндігі туралы айтып өтті.

«Біз студенттердің тағылымдамадан өтуі мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Мемлекетте  дуальді оқыту  формасы бар. Меніңше,  біз аталмыш тапсырмаларды жүзеге асыруға әрекет жасап отырмыз», - деді ол.

Айта кетерлігі, гранттар «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мен  заңгер, халықаралық құқық, экономика  мамандықтарын оқуға ұсыныалды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика