Білім беру

«Серпін» жобасының студенттері Қытайда тағылымдамадан өтеді

«Серпін» жобасының аясында білім алушы студенттер өндірістік тағылымдамадан өту үшін Қытай кәсіпорындарына барады, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
Казахстан30 Наурыз , 14:32

Білім саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов ҚХР «Хумей Чуани (Цзянсу)» АҚ директоры Су Хуэйцзюнеммен кездесу өткізді. Кездесуде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында халықаралық білім беру және студенттермен алмасу саласындағы Қазақстан — Қытай ынтымақтастығының жүзеге асырылу мәселелері талқыланды.

Қол жеткізілген келісім барысында «Серпін» жобасының қатысушылары – отыз студент 2017 жылғы маусымнан қырқүйек айлары аралығында Қытай кәсіпорындарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Жоба мақсаты – «Серпін» жобасы шегінде білім алушылар арасында ҚХР тағылымдамадан өту, тәжірибелік тәжірибе және кәсіпкерлік дағдыларды алу үшін студенттермен алмасу бағдарламаларын дамыту. Жоба 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Серпін» әлеуметтік жобасы мен «Хумей Чуани (Цзянсу)»АҚ арасындағы ыңтымақтастық туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырылуда.

«Хумей Чуани (Цзянсу)» (Humei Chuangye (Jiangsu) жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамту кеңесі, кең көлемді мамандықтар шоғырланған, мәдени-білім берушілік алмасу саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар оқу орындары мен кәсіпорындар ынтымақтастығының мүшесі болып табылады.

«Хумей Чуани (Цзянсу)» АҚ өкілі ақпараттандырғандай, қытайлық тарап жыл сайын 100–500 қазақстандық студенттерді тегін тағылымдамаларға қабылдауға дайын. Тағылымдамалар ұзақтығы – 3 айдан 6 айға дейін. Оқу тілі – қытай.

Тағылымдамалар дуалдық білім жүйесі бойынша жүргізіледі: теоретикалық курс – елдің алдыңғы қатарды білім мекемелерінде және тәжірибелік сабақтар – Қытайдың үш өндірісі дамыған аймақтарында 100 университеттерден астамы шоғырландырылған ірі өнеркәсіптік ұйымдарда.

Сонымен қатар, Республикаға қазақстандық студенттер оралғаннан кейін «Хумей Чуани (Цзянсу)» АҚ бірлескен қазақстан-қытай кәсіпорындарында аталған студенттерді жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуге дайын.

Соған қоса, «Хумей Чуани (Цзянсу)» АҚ қазақстандық және қытайлық жоғары оқу орындарының арасында қос диплом бағдарламаларын жылжытуда. Осы мақсатпен 2017 жылғы 27 наурызда «Хумей Чуани (Цзянсу)» АҚ жетекшісі – Су Хуэйцзюнь Павлодар облысына сапар шекті. Сапар барысында «Серпін» жобасына қатысушы Павлодар педагогикалық институты және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері ҚХР тағылымдаман өтуге дайындық туралы келісімге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы қыркүйек айынан «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ әкімшілік етуде. Қазіргі таңда «Серпін» жобасында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарындағы 22 университет және 54 колледж базасында білім алушы республиканың оңтүстік аймақтарынан 12 мыңнан астам студенттер қатысуда.

 




Яндекс.Метрика