Ұлттың денсаулығы

Қазақстан мен Ұлыбритания фармакологиялық қадағалау бойынша меморандумға қол қойды

ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мен Ұлыбританияның Дәрілік заттар және денсаулық сақтауға арналған өнімдер айналысын реттеу агенттігі (MHRA) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы30 Наурыз , 13:10

ҚР ДСМ ДЗСҰО Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, меморандум нысаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын Британия фармакопеясымен үйлестіру болып табылады.

Британия фармакопеясы медицинада және ветеринарияда қолдануға арналған дәрілік заттар сапасының беделді және сенімді стандарттарының бірі ретінде әлемде кеңінен таралған. ҚР ДСМ Фармация комитетінің 2004 жылғы 11 ақпандағы № 21 бұйрығымен Британия фармакопеясы (Еуропа фармакопеясымен және АҚШ Фармакопеясымен қатар) Қазақстан Республикасында ресми түрде жарамды деп танылды.

ҚР Мемлекеттік Фармакопеясын (МФ) Британия фармакопеясының стандарттарымен үйлестіру туралы бірінші келісім 2014 жылы 8 сәуірде Лондонда Британия фармакопеясының 150-жылдығын мерекелеу шеңберінде жасалған. Келісімде 3 жыл қолдану мерзімімен перспективті тип бойынша үйлестірудің толық, сондай-ақ селективті механизмдері қарастырылған.

2017 жылы қол қойылған Меморандумның мақсаты қос елдің реттеуші органдарының өзара қатынасын нығайту және ҚР МФ үйлестірілген монографияларын құру процесіне көмек көрсету болып табылады. Құжат фармакопеялық гармонизацияның саласын едәуір кеңейтуді, ғылыми және техникалық көмек және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылыми-практикалық сипаттағы іс-шараларға (конференциялар, семинар, жиналыстар және т.б.) қатысуды ұйғарады.

Тараптардың өзара әрекеттесуі әрбір тарап өкілдерін ғылыми және сараптамалық комиссиялардың немесе жұмыс топтарының құрамында қадағалаушы немесе кеңесші ретінде қатысуға жол береді.

Меморандумның күші 5 жыл мерзімге есептелген.Британия фармакопеясымен үйлестірілген фармакопеялық мәтіндерге негізінен, әр алуан дәрілік түрлердегі дәрілік препараттарға қойылатын талаптар кіреді және екінші басылымдағы ҚР МФ II томының құрамында жариялануға 2017 жылдың аяғына қарай қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика