Өңірлер

Ақмола облысында шамамен 5 млн. гектар алқапқа егіс егіледі

Ақмола облысында биыл шамамен 5 млн. гектар алқапқа жаздық егiс егiледi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола30 Наурыз , 12:06

«Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4321,1 мың га. аумаққа егiледi. Облыс бойынша көктемгi-егiстiк жұмыстарын тиiстi агротехникалық деңгейде дайындау және уақытылы өткiзу үшiн барлық тиiстi шаралар қолданылуда», дедi ол.

Көктемгi-егiстiк жұмыстарының қашанда қауырт кезең екендiгiн, ал оның сәттi өтуi жақсы астық алуға мүмкiндiк беретiнiн айта кеттi.

Сондай-ақ, жиналыс барысында облыстағы инвестициялық жобалардың орындалу барысы туралы облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов баяндады.

Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында Ақмола облысының индустрияландыру картасы мен кәсiпкерлiктi қолдау картасына жалпы соммасы 828,3 млрд. теңгенi құрайтын және 13,7 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкiндiк беретiн 111 жоба енгiзiлген.

Облыс әкiмi өңiрлерде индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының жаңа талаптарына сай, экспорт бағытындағы жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуға көп көңiл бөлу қажеттiгiн айтты.

Одан өзге отырыста көктемгi әскерге шақыру науқанының мәселелерi де сөз болды.

 




Яндекс.Метрика